Сарым-Зәкиеваның түзетулері өтпеді. Кейбірі
Кибербуллинг туралы дау тудырған заң бойынша жұмыс мәреге жететін сияқты.
Естеріңізге сала кетейік, балаларды қорғаймыз деген осы заң жобасындағы көптеген шектеулер пікір білдіру бостандығына қауіп төндірді. Авторлар, депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева уәкілетті органға (бұл ҚР АҚДМ) интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің қолжетімділігін шектеу немесе жұмысын тоқтата тұру құқығын берді.
Мәжіліс бірауыздан мақұлдаған заң жобасындағы бұл озбырлықты Сенат шектеді. Сенат біріншіден, кибербуллингті анықтау бойынша сараптамалық комиссия құруды, екіншіден, кибербуллингке қатысты материалдарды ғана алып тастауды ұсынды.
20 сәуірде Мәжіліс бұл түзетулерді қабылдады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов көпшілікке арналған интернетке бақылауды күшейту үшін соңына дейін барын салған Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваны қолпаштады.
Facebook, Instagram, Linkedin басқа танымал ресурстардың иелері өз өкілдерін тағайындауы керек. 24 сағат ішінде АҚДМ кибербуллинг деп таныған мазмұнды жою керек деген ережелер сақталған.
Ендігі кезекте түзетілген құжат үшін жаңадан (бірауыздан) дауыс беру.