Сенат журналистерді құрметтеді
Өткен аптада ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз орталығы жертөлеге көшірілді. Ол жер тар әрі интернет жұмыс істемеді, ал Мәжілісте түсірілімге шектеулер енгізілді. Бұл журналистер наразылығын тудырды.«Әділ сөз» бен Журналистер одағы Парламент спикерлері мен Ақпарат және қоғамдық даму министріне ашық хат жолдап, бұл жаңалықты журналистерге деген құрметсіздік деп бағалады.
19 сәуірде Сенаттың баспасөз хатшысы Данияр Рамазанов қуанышты жаңалықпен бөлісті. Оның жазуынша, Сенаттың баспасөз орталығы бұрынғы орнында қайта жұмыс істей бастады.
«Өткен аптадан бері Сенатта жаңа тәжірибе - отырыста есеп беретін барлық министрлер мен депутаттар брифингтерге қатысуы керек. Келісіңіз, сұрақ қою және оларға сабырлы жағдайда жауап беру журналистер, операторлар және спикерлердің өздері үшін ыңғайлырақ. Брифинг алаңының жанында біз жаңа баспасөз орталығын ұйымдастырдық, бірақ журналистер баспасөз орталығының бұрынғы орналасқан жері қолайлырақ деп есептеді. Мәулен Әшімбаев журналистердің барлық пікірлерін мұқият тыңдап, оны қарап шығуға уәде беріп, осы мәселемен айналысуды тапсырды. Спикердің ұстанымы – журналистерге өздеріне ыңғайлы жерде жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Осыған байланысты бүгінгі жаңалық – баспасөз орталығының бұрын орналасқан орнына қайта оралуы», - деп жазды Данияр Рамазанов Facebook парақшасында.
Ол брифингтер мәжіліс залының жанындағы залда өтетінін, инженерлік қызмет алаңның техникалық жабдықтарын дайындап жатыр деп сендірді.
Мәжілістің баспасөз қызметінен жауап күтеміз.