Махамбет Әбжанға қарсы іс тоқтатылды
Наурыздың 24-і күні елордалық ІІД Байқоңыр аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі журналист Махамбет Әбжанға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Тергеуші тағайындаған сараптама Әбжанның сөзінен наразылық акциясына қатысуға шақыруды да, полицияны қорлайтын сөздерді де таппаған.
Айғақты дәлелдер журналистке қайтарылады, ал тергеуді тоқтату туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.
«16.02.2022 жылғы №226 қорытындыға сәйкес, сарапшы мәтіннің жалпы бағыты астанада және бүкіл Қазақстан бойынша болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттандыру ретінде анықталды, онда қала тұрғындары түрлі талаптармен наразылық акциясына шықты. Ұсынылған дискіге жазылған М. Әбжанның сөздерінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ», - делінген сараптамалық қорытындыда.
Заттай дәлелдемелер журналиске қайтарылады, ал тергеуді тоқтату туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.
Еске салайық, 4 қаңтарда Abzhannews Telegram арнасының авторы Махамбет Әбжан ресейлік «Дождь» телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанда өтіп жатқан митингілер туралы айтқан болатын. Осыдан кейін көршілерінің шу туралы шағымына байланысты оның үйіне полицейлер келген. Журналистің өзі полицейлердің келуін Қазақстандағы наразылық акцияларын белсенді түрде жариялауымен байланыстырды.
6 қаңтарда Махамбет Әбжан із-түзсіз жоғалып кетіп, екі аптадан кейін өзінің Telegram-арнасында бәрі жақсы екенін хабарлаған еді.