Құпия бағалар
7152.kz ақпараттық порталының басшысы Тимур Жұмановтан Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысынан шығып кетуін сұраған.
Оқиға 29 наурызда болған. Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, жауаптар алады. Ал журналистер аудиоға жазып, фото және видеоға түсіреді. Жеті сұрақтың үшеуі талқыланғаннан кейін, БАҚ өкілдерінің залдан кетуін сұраған.
Қоғамдық кеңес төрағасы Жарасбай Сүлейменов бұл шешімді кейінгі мәліметтердің барлығы «қызметтік мақсатқа арналған» деп түсіндіреді. Белгілі болғандай, кеңес мүшелері жабық есік жағдайында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасын талқылады.
Тимур Жұманов прокуратураға шағым түсірді.
«Әділ сөздің» пікірі:
Журналистің қоғамдық кеңестің отырысына қатысуына тыйым салу заңсыз. Ол ҚР Конституциясына, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына қайшы келеді және қоғамның ақпарат алу құқығын шектейді.
Сонымен қатар, мұндай әрекеттерді ҚР ҚК-нің 158-бабы бойынша журналистің заңды кәсіби қызметін орындауына кедергі келтіретін жағдайлар жасау арқылы журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау деп жіктеуге болады.
Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменов Мәжілістің бұрынғы депутаты және журналист ретінде ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы»Заңының күші Бұқаралық ақпарат құралдарына таралмайтынын білуі тиіс.
Сонымен қатар, ол «Ақпаратты шектеулі ресми ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу ережесіне» сәйкес, «қызметтік пайдалануға» арналған құжаттар оның мүшелерінің арнайы рұқсатынсыз қоғамдық кеңесте талқылау нысанасы бола алмайтынын білмейтін сияқты.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» Заңында қоғамдық кеңестердің міндеттері мен қағидаттарының қатарында қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестер өз қызметін жариялылық қағидаты негізінде жүзеге асыратыны, ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және (немесе) тиісті интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс екендігі айтылған.