Теміртау соты сот процесінің жариялылығы туралы біле ме?
Журналист Татьяна Ковалева Фейсбуктегі парақшасында Теміртау қалалық сотының төрағасы Т.Б.Амрашев 2021 жылдың қыркүйегінен бері қаралып жатқан жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істе тараптарға процесті жабық өткізуге болатынын тұспалдағанын хабарлады.
Судья журналисті сот залынан шығарып жіберіп, оған ешнәрсе естілмейтін онлайн процесті көруге мүмкіндік берген.
Қалалық сот төрағасы Татьяна Ковалеваға үстінен шағым түсіретін болса, мұны сотқа жасалған қысым деп бағалайтынын ескерткен. Соған қарамастан, журналист шағым жазды.
Бұл жағдайға «Әділ сөздің» пікірі:
Мұнда ашық сот отырысының жариялылығын заңсыз шектеу бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Жариялылық қағидатын сақтау туралы» 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 25 нормативтік қаулысына сәйкес соттар осы қағидатты іске асыруы, барлық мүдделі тұлғалардың, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысы залдарына еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет. Жариялылықты заңсыз шектеу (іс материалдарын негізсіз құпияландыру, заңда көзделмеген негіздер бойынша жабық отырыстар өткізу және т.б.) процеске қатысушылардың процестік құқықтарын кемсітуге және оларға қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін.
Егер журналист оған шағым түсірсе, оны сот төрағасы тарапынан алып тастау және оған төнген қатер судьяның мінез-құлық этикасын айқын бұзу болып табылады. Бұл жағдай ҚР ҚК 158-бабы бойынша саралануы мүмкін. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі ретінде: журналистің заңды кәсіби қызметін жүзеге асыруына кедергі келтіретін немесе оны осы мүмкіндіктен толығымен айыратын жағдайлар жасау.
«Әділ сөз» бұл жағдайды қадағалап, ҚР Жоғарғы Соты назар аударады деп үміттенеді.