Ақмола облыстық соты қателіктермен жұмыс жүргізді
Наурыздың 15-і күні «Әділ сөз» Көкшетау қалалық сотының судьясы Могульсун Сатубалдинованың «Көкшетау Азия» ақпарат агенттігінің редакторы Нұржан Баймолдиннен сот отырысы басталмай тұрып аккредитациясын көрсетуді заңсыз талап еткенін хабарлады. Әрине, журналистің қолында мұндай құжат болмаған, өйткені сот процестерінен хабар тарату үшін аккредитация қажет емес. Содан кейін судья Баймолдинге процесті де, өзін де аудио және бейне жазбаға түсіруге тыйым салды, бірақ журналиске отырып тыңдауға рұқсат берді. Сонымен қатар, ол фотосы бір жерде жарияланса, журналистің жауапқа тартылатынын айтып қорқытқан.
Облыстық сот бұл фактіге жедел жауап берді. Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Күләш Домалақова «бұл факті бойынша жедел кеңес өткізілгенін, онда облыстық сот төрағасы судьяның заңды төмен білетіндігін және нақты істі қарау кезінде судья әдебі бұзылғанын айтты. Осыған байланысты судьяға қатысты материалдар Судья әдебі жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілетін болады» деді.