Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Петропавл журналистерінің жұмысына кедергі келтіру ісі: үшінші раунд

3 наурыз 2022

Петропавлда «Хабар-24»телеарнасы журналистерінің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтірілгені үшін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу қайта басталды.

Естеріңізге салсақ, «Хабар24» телеарнасының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының журналистері-Самат Жақыпов, Наталья Волкова және телеоператор Төлеген Иманов полицияға арыз жазған болатын. 2021 жылдың 2 тамызында  телеарнаның түсірілім тобы «Достық Молл» ғимаратында ASHIQ бағдарламасының жұмысы туралы сюжет түсірмек болған. Алайда, сауда орталығының күзет қызметкерлері түсірілім тобын күшпен ғимараттан шығарып жіберген еді.

2021 жылдың тамызында қозғалған қылмыстық тергеу екі рет жабылды. 2021 жылғы 1 қарашада күзет қызметкерлерінің әрекеттерінде ҚР ҚК 158-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты «олар өздерінің функционалдық міндеттерін орындағандықтан» іс бірінші рет жабылған.

2 қарашада «жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты» журналистер тергеу материалдарына дәлел ретінде арызға тіркеген полиция жоғалтқан оқиғаның видеосын көргеннен соң іс қайта қаралды.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында журналистер Петропавл қаласы Полиция  бастығының орынбасары полиция майоры А. Ахмедьяровтан ҚР ҚПК–нің 35-бабының 1-тармағының 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тағы да хабарлама алады.

Петропавл прокуратурасы тергеушінің қаулысымен келісті. Алайда прокурорлар негізгі дәлел – видео файлды зерттей алмағаны белгілі болды. Өйткені видео компьютерде ашылмаған. Бұл туралы олар наурыз айының басында журналистерге хабарлады.

 «Хабар» телеарнасы қызметкерлерінің  үндеуінен кейін Петропавл прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулының күші жойылғанын және қосымша тергеу жүргізу үшін Петропавл қаласының полиция басқармасына жіберілгенін хабарлады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз