Қарлығаш Еженованы «заң шеңберінен тыс шара қолданамыз» деп қорқытуда
Ақпанның 25-і күні кешке Exclusive.kz өзінің YouTube арнасында «Шокирующая Азия. Ядерные миллиарды» атты документалдық фильмнің екінші бөлімін жариялайды. Фильм Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығының радиоизотопты диагностика және терапия бөлімінің құрылысы барысындағы сыбайлас жемқорлық туралы болады. Фильм жарыққа шықпай жатып-ақ басылымның бас редакторы Қарлығаш Еженоваға қоқан-лоққылар жасала бастады.
«Бір жарым апта бұрын біз осы журналистік зерттеудің жалғас трейлерін жарияладық. Олар бізге хат жазып, бізден трейлерді алып тастауды, фильмді жарияламауды өтінді. Мен оны жариялайтынымызды айттым, егер оларда бұл контентке қатысты шағымдар болса оны талқылауға және оларға өз уәждерін айтуға алаң беруге дайын екенімізді айттық. Олар ешкім бізбен сөйлеспейді, қарсы шағым айтпайды, бірақ бізге қарсы «құқықтық алаңнан тыс» шаралар қолданылады деді. Мен қандай қауіп төнетінін анықтағым келді және маған бұл кем дегенде DDOS шабуылдары екенін тұспалдады», - дейді Қарлығаш Еженова.
Редакция мен оның қызметкерлерін қандай заңсыз шаралар күтіп тұруы мүмкін екенін тек болжау ғана қалды.
«Егер жақын арада сайтта, арнада проблемалар туындаса немесе мені педофил деп айыптаса, мен мұның бәрін олардың артында айтарлықтай ықпалды адамдардың тұрғанымен байланыстырамын. Қандай да бір қысым сезілсе, бірден, үш минуттың ішінде Facebook-те пост жазып, маған хабарласқан телефон нөмірлерін жариялайтынымды айтып» ескерттім, дейді Қарлығаш.
Бірақ фильм авторы, белгілі журналист, Ресей азаматы Серік Уәлихановқа толықтай заңды шара қолданылған. Оны сыртынан елден тыс жерде жүргенде Қазақстаннан жер аударып жіберді. Оған төрт жол ережесін бұзуы себеп - бұрылыс сигналын қоспау, сақтандыру мерзімі өтіп кеткен және тіркелген жерінен тыс жерде тұру сияқты. Семей полициясының мәліметінше, Серік ... кеңседе тұрған. Енді 5 жыл бойы отанына келе алмайды, тіпті 82 жастағы анасына да бара алмайды. Серік Уәлиханов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жазды, бірақ әзірге оған жауап болған жоқ.
Еске салайық, «Шокирующая Азия. Почему Елбасы не стал ссориться с Абаем» атты фильмнің бірінші бөлімі жарияланғаннан кейін «Ар-Бедел» қоры Exclusive.kz сайтын құпия ақпаратты жариялағаны үшін сотқа береміз деп қорқытқан болатын. Не сот, не тіпті сотқа дейінгі тергеу де жоқ. Бірақ біреулер YouTube-ке бірнеше шағым жіберген содан кейін сервис видеоны жойды.
Қазір фильм авторлары журналистік зерттеулерінің үшінші бөлігін дайындап жатыр. Exclusive.kz оны не болса да жариялауға ниетті.