Лұқпан Ахмедьяров тағы полицияға шақырылды
27 ақпанда сағат 19-да журналист Лұқпан Ахмедьяров Орал қаласының полициясына әлдебір азаматша Н.Ломакинаның шағымы бойынша түсініктеме беру үшін шақырылды.
Ломакина өз арызында: «Орал қаласының тұрғыны Ахмедьяров Лұқпанға шара қолдануыңызды сұраймын. 24.02.22 ақпанда Instagram әлеуметтік желісінде әлеуметтік желінің басқа пайдаланушысымен пікір келіспеушілігі болғанын және ол маған әдепсіз мазмұндағы мәтін жолдады деп көрсеткен. Сонымен қатар, бұл қолданушы менің Instagram желісіндегі жеке парақшамнан жүктеген жеке фотосуретімді пайдаланды. Ахмедьяров та, бұл қолданушы да менің жеке парақшамды бұғаттады», - деп жазған (автордың емлесі сақталған).
26 ақпанда Орал қаласы Полициясының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Биғалиев Е.К. азаматша Ломакинамен осындай сауалнама жүргізген. Алайда, арызданушы Лұқпан Ахмедьяров пен Instagram желісінің басқа қолданушысының бейәдеп сөздерінің нотариалды куәландырылған скриншоттары түрінде ешқандай растау бермеген.
Журналистің полиция неге уақыт пен күш-жігерін ұсақ шағымдарға жұмсайды деген наразылығына тергеуші сауалнама жүргізуге міндетті екенін айтқан. Л. Ахмедьяров Ломакинаны танымайтынын білмейтінін, онымен ешқашан кездеспегенін және осы себепті бейтаныс адамға деген дұшпандық қарым-қатынасты сезіне алмаймын дейді.
Лұқпанның өзі Ломакинаны украин халқына қолдау көрсету туралы жазбаға және Украинаның жалауына наразы деп санайды.