Жеңіс Құспан жауап алу кезінде куәлік беруден бас тартты
15 ақпанда журналист және блогер Жеңіс Құспан адвокатымен бірге Байқоңыр ауданының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Асылбек Рысмаханбетовке жауап беруге келді.
Олар іспен танысып, журналист куәлік беруден бас тартты – мұндай құқық Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 65-1-бабы бойынша қорғалу құқығы бар куәға берілген. Тергеуші Құспанның тәркіленген телефонын сараптамаға жібермекші. Бұл техникалық мазмұнды немесе басқа сараптама бола ма, әзірге белгісіз, бірақ тергеу куәгерді қорғау құқығымен сараптама тағайындау туралы шешіммен таныстыруға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, полицияның шақыру қағазы сол күні №227100031000003 қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алу үшін 2022 жылдың 1 ақпанында жеткізілген болатын, бірақ ауырып қалғаны мен карантинге байланысты Ж.Құспан полицияға баруды кейінге қалдыруға мәжбүр болды, бұл туралы журналист тергеушіге хабарлады.
Жеңіс өзінің жеке парақшасындағы барлық жазбаларын қарап, жауап беруге шақырылуының себебі, 2022жылдың 30 қаңтарында жарияланған материалдардың бірі болуы мүмкін деп болжайды. Онда Тиктокерлердің әнұран айтып, «Шал кет!» деп айғайлап бара жатқан полиция видеосына, Жеңіс Құспан: «тиктокерлердің әзілі мен дыбысы қойылған!» деп жазған.
- Мен күмәнді мазмұнды көргенде, адамдар не тарататынын білуі үшін осындай ескертулерді жиі жасаймын. ФАКТЧЕКИНГ курсынан өттім. Осындай видеоларды Фейсбук парақшамда пікірлерімен қосып, өзге адамдардың назарын аудару үшін жариялаймын. Осы жолы да мен «TikTok әзілкештерінің ойлап таппайтындары жоқ» деп жаздым», деп түсіндіреді журналист.