«Көкшетау-Азия» ақпараттық порталы Қазақстанда ашылмай қалды
Шамамен 27 қаңтар күні сағат 19-дан бастап желі қолданушылары «Көкшетау-Азия»ақпараттық агенттігінің ресми сайтына кіре алмады. Сайт әкімшілері редакцияның порталы орналасқан ресейлік хостинг компаниясына жүгінді. Ресейліктер Қазақстан мен Ресейдің виртуалды шекарасында шлюзбен проблема туындағанын хабарлады. Мұндай да байланыс қандай да бір себептермен үзіледі.
Қазіргі уақытта агенттіктің веб-сайтын VPN немесе Beeline мобильді интернет арқылы көруге болады. Редакция «Қазақтелеком» АҚ-ға хат жолдады, монополистің техникалық қызметі қол жетімсіздіктің, яғни интернет-ресурсты бұғаттаудың себебін іздеп жатқанын хабарлады.
Сайтқа қатысты мәселелер «Көкшетау-Азия» агенттігінің орыс қызметінің бас редакторы Нұржан Баймолдиннің тұтқындалуына шағымдануымен тұспа-тұс келді.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Нұржан Баймолдин Facebook-тегі жазбасы үшін 10 тәулікке қамауға алынған еді. Онда ел Президентіне бірқатар сұрақтар қойған болатын. 17 қаңтарда Көкшетау қалалық сотының апелляциялық алқасы прокурордың өтініші бойынша қамауға алуды 5 тәулікке дейін қысқартты, яғни оның тергеу изоляторларында іс жүзінде өтеуге тиіс мерзімге болуын шектеді. Журналисті толық ақтауды талап еткен адвокат Айгүл Қалқаманованың апелляциялық шағымын екінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырды.
Нұржан Баймолдин өзін заңды бұзған жоқ деп санайды. Қазақстандық сот инстанцияларынан өтуге, содан кейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге ниетті. Оның адвокаты қазір істі кассациялық сатыда қайта қарау үшін құжаттар дайындауда.