Әкім орынбасарынан ноухау: журналистердің ойлау тереңдігіне тест
Қаңтар оқиғаларынан кейін Ақтөбе облысының әкімдігі онлайн-брифинг ұйымдастырды, онда өңір әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров сөз сөйледі.
Nur.kz порталының журналисі Ардақ Ерубаева Instagram арқылы: «Неге Руслан Хамбаров халықты тыныштандыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ұзақ уақыт халық алдына шықпады?-деген сұрақ қойды».
«Менің жауабым: соңғы оқиғалар бойынша мұндай сұрақтарды таяз, үстірт ойлайтын адамдар қояды», - деді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров эфирде.
Шенеунік ойлау тереңдігін қалай өлшейді және неге ол журналистің ойлау тереңдігіне соншалықты алаңдайды, бұл жағы белгісіз болып қалды, ол егжей-тегжейлі айтпады.
Журналистің айтуынша, Хамбаров нақты сұраққа жауап беруден бас тартқан.