Өтіріктің артын ашып жауапқа шақырылды
1 ақпанда журналист және блогер Жеңіс Құспан Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданы Полиция Басқармасына шақырылды. Оны тергеуші, аға лейтенант Асылбек Рысмаханбетов қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға сол күні сағат 15.00-ге шақырған.
Құспан бір күн бұрын 30 қаңтарда WhatsApp желісіндегі топтардың бірінде полиция жасағының әнұран шырқап, «Шал кет!» деп айқайлап бара жатқаны туралы видеоны көрген. Топта Жеңіс Құспан бірден: «Бұл Тик-Токерлердің қалжыңы, дыбысы қойылған!» деп жазады. Ол бұл видеоны Facebook парақшасында жариялап, оның жалған екенін, сенуге болмайтынын ескертеді.
«Мұндай ескертуді күмәнді мазмұнды көргенде жиі жасаймын. Мен ФАКТЧЕКИНГкурсынан өттім және адамдар да назар аударсын деп Facebook парақшама осындай видеоларды пікірлерімен жиі салып отырамын! Ал бұл жолы «Тик-Ток әзілкештерінің ойлап таппайтыны жоқ)))», «Тик-Токерлер енді қандай әзілдер ойлап табады екен» деп жаздым,дейді Құспан.
Алайда, көп ұзамай ол «Нұр-Сұлтан қалалық Полиция Депратментінің баспасөз қызметкері Эльмира Шәуленовадан «заң бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» деген жауапкершілік туралы ескерту алған.
Журналистжауапқа шақырылуына дәл осы видео себеп болды деп есептейді.
Әзірге журналист полицияға бара алмады, өйткені ол коронавирусқа тест тапсырып, оң нәтижесіне байланысты үй карантинінде жатыр. Бұл туралы тергеушіге ескерткен.