Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Нұржан Баймолдин өзінің қамауға алынуына дауласпақшы

18 қаңтар 2022

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда «Көкшетау-Азия» орысша жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Нұржан Баймолдин ұсталып, сол күні 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын. Оның Президентке әлеуметтік желі арқылы қойған сұрақтарын сот төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер деп санады.

 

17 қаңтарда Көкшетау қалалық сотының апелляциялық алқасы прокурордың өтініші бойынша қамауға алуды 5 тәулікке дейін қысқартты, яғни оның тергеу изоляторларында іс жүзінде өтелген мерзімге болуын шектеді. Журналистті толық ақтауды талап еткен адвокат Айгүл Қалқаманованың апелляциялық шағымын екінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырды.

 

Адвокат Нұржан Баймолдин заңды бұзған жоқ деп санайды. Сондықтан бүкіл қазақстандық сот инстанцияларынан өтуге дайын. Егер талаптары ақталмаса кейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге ниетті. Адвокат қазір істі кассациялық сатыда қайта қарау үшін құжаттар дайындауда.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз