Журналист Нұржан Баймолдин бостандықта
2022 жылғы 17 қаңтарда Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Б. Шәукенова журналист Нұржан Баймолдинді 10 тәулікке қамауға алу туралы шешімді тоқтатты. Қаулыны орындау апелляциялық сатыда прокурордың өтінішхаты мен адвокаттың шағымы қаралғанға дейін кейінге қалдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда «Көкшетау-Азия» орысша жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы Нұржан Баймолдин ұсталып, сол күні сотталды. Оның ел Президентіне әлеуметтік желідегі жазбасы арқылы қойған сұрақтарын төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекеттер деп санады.
«Әділ сөз» қоры Нұржан Баймолдинге құқықтық көмек көрсетеді. Журналисті әкімшілік қамауға алу туралы шешімнің толық күшін жоюға үміттенеді.