Лұқпан Ахмедьяров бостандықта, бірақ өзіне шыққан айыптауға қарсы дауласуда
17 қаңтар 2022
10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып босап шыққан оралдық журналист Лұқпан Ахмедьяров осы сот шешімімен келіспейді.
Оның адвокаты Мереке Ғабдуалиев сот шешіміне апелляциялық сатыда шағым түсірді, бірақ нәтиже болмады. Қазір ол Бас прокуратураға наразылық білдіріп, жоғарғы сотқа істі талап ету және оны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш берді. Осымен ұлттық сот инстанциялары бітеді. Егер олар бас тартса, адвокат БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге ниетті.