Ақтөбелік журналистерді кезекпен жауап алуға шақырды
12 қаңтар 2022
Ақтөбе облысындағы «Әділ сөз» тілшісі: облыстық полиция департаментіне бұрын телефон арқылы шақырылған Ақтөбедегі КТК ның меншікті тілшісі Жаңалық Ахаш келді деп хабарлайды. Одан кейін «Азаттық» радиосы мен 31 арнаның журналистері шақырылған.
«Менен шамамен бір сағат жауап алды. Менің қандай мақсатпен митингке барғанымды, түрлі ұйымдардың мүшелігінде бар- жоғымды білгілері келді», - деп жазды Instagram парақшасында жаңалық Ахаш.
Айта кетейік, 9-10 қаңтарға қараған түні Orda.kz және Nur.kz-тің Ақтөбе бойынша меншікті тілшісі Ардақ Ерубаеваның пәтерінде полицейлер тінту жүргізіп, түн ортасында оны полицияға жауап алу үшін алып кеткен.