БҰҰ комитеті Шәріп Құрақбаевтың құқықтарының бұзылғанын анықтады
Сонау 2013 жылы сот сол кездегі оппозициялық Қазақстан Коммунистік партиясының органы, «Правда Казахстана» газетінің жұмысын үш айға тоқтатқан болатын. Формальды түрде оның себебі – басылымды қайта тіркеу туралы куәліктердің шатасуы болды. Басылымның бас редакторы Шәріп Құрақбаев барлық ұлттық соттардан өткен соң БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсірген еді.
2021 жылдың 7 желтоқсанында бұл шағымға БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінен жауап келді. Комитеттің жауабында: «2013 жылы Қазақстан билігі Шәріп Құрақбаевтың сөз бостандығы құқығын негізсіз шектеп, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабын бұзған» делінген. Әттең, бұл жаңалыққа қуанатын ешкім жоқ – 2018 жылдың тамыз айында Шәріп Құрақбаев қайтыс болды. 57 жастағы журналист жүректен кеткен еді. Қазақстанда Коммунистік партияда жоқ.
«Қатысушы мемлекет, атап айтқанда, Құрақбаев мырзаның жесіріне Райхан Сабдикенова ханымға кез-келген сот шығындарын және Құрақбаев мырзаның шеккен әкімшілік айыппұлдарын өтеуді қоса алғанда, барабар өтемақы төлеуге міндетті. Қатысушы мемлекет болашақта осындай бұзушылықтардың алдыналу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Осыған байланысты Комитет өзінің азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің 2 (2)-бабы бойынша міндеттемелеріне сәйкес қатысушы мемлекет өз заңнамасын қайта қарауы қажет екенін қайталайды», - делінген БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің құжатында.
Қазақстан билігі қабылданған шаралар туралы 180 күн ішінде Комитетке хабарлауы тиіс.