Қауіптің жаңа түрі немесе алаяқтық?
17 қарашада ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің сайты орналасқан хостинг провайдері редакцияға Александр Машкевичтің мүддесін қорғайтын заңгердің хатын жолдады.
«Құрметті хостинг провайдері!
Мен Александр Машкевичтің өкілімін.
Мен сізге клиентімнің құқықтарының бұзылуын жою үшін ынтымақтастық жасау мақсатында жүгінемін, осы хатқа сілтеме қоса беріледі (...) Мен сізге Александр Машкевичтің құқықтарына зиян келтірілуіне және заңның бұзылуына байланысты мақаланы дереу алып тастауды немесе оған үшінші тұлғалардың кіруіне тыйым салуды талап етемін», - делінген хатта.
Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіге сілтеме жасай отырып, автор басылымды Машкевич мырзаның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін, тіпті жала жабу әрекеті үшін айыптайды. Бұл ретте ҚазТАГ редакциясы Машкевичтен де, оның қандай да бір өкілінен де осындай хаттар мен сотқа дейінгі наразылықтарды алмаған. Жалған іспетті ақпаратты ірі әлемдік БАҚ, атап айтқанда Bloomberg жариялады.
Bloomberg осындай наразылықтарды алды ма, жоқ па белгісіз. Бірақ бірқатар қазақстандық БАҚ-та мұндай жағдай орын алды. Рас, беделіне нұқсан келген адамдар ешқандай шағым жасамады және оларды қорғауды ешкімнен сұрамады. Қазақстандық БАҚ қандай да бір жаңа қауіп түріне немесе қарапайым алаяқтыққа тап болған сияқты.