Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Петропавл журналистерінің ынтымақтастығы акциясы

2 қараша 2021

Үш ай бұрын Петропавлда күзетшілер «Хабар24» телеарнасының түсірілім тобын «Достық Молл»сауда үйінен қуып шыққан еді. Осыған байланысты көп ұзамай сауда орталығының есіктерінде бейне және суретке түсіруге тыйым салынады деген тақтайшалар пайда болды. Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы қылмыстық іс тоқтатылды.

 

2 қараша журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықпен күрес халықаралық күнінде әріптестерімен ынтымақтасу белгісі ретінде осы өңірдегі телекомпаниялардың журналистері «Достық Моллға» телекамералармен, микрофондармен және фотоаппараттармен келіп, белгіленген талаптардың заңдылығын түсіндіруді сұрады. БАҚ өкілдері шақырған құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл талаптарды сауда орталығының басшылары өздері түсіндіруі керек, ал олар жұмыс орнында болмағандықтан, журналистердің алдында түсіндіретін ешкім жоқ деп мәлімдеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Байғазина «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының тілшісіне берген түсініктемесінде сауда орталығының басшылары да түсініктеме беруі керектігін айтты.

 

Жиынға келген БАҚ өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің күшін жою туралы шешімді әділетсіз деп санайтындарын айтып, жергілікті полиция бөлімінен нақты түсініктеме беруді талап етті.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз