HOLA News-тің заңсыз бұғатталуы туралы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Г. Балаеваға
Құрметті Аида Ғалымқызы!
Сіз басқарып отырған министрлік журналистер мен БАҚ-ты қорғауға дайын екенін бірнеше рет айттыңыз.
Қазір сіздің араласуыңыз бен қорғауыңызды талап ететін шұғыл жағдай туындап отыр.
Екі күннен астам уақыт бойы белгісіз себептермен танымал HOLA News желілік басылымы бұғатталды. Редакция мәлімдемесінде бұғаттаудың «авторын» анықтау үшін жасаған әрекеттері сипатталған және «бағдарламашылар, сондай-ақ сайт кеңесшілері мұндай шабуыл DPI деп аталатын бұғаттауға жатады деп мәлімдейді. (Deep Packet Inspection, сөзбе – сөз «желілік пакеттерді терең талдау») - желілік пакеттерді тексеру және сүзу технологиясы».
«Редакция саясаты әрқашан журналистиканың негізгі құндылықтарына сүйенді: тәуелсіздік, объективтілік, этика, дәлдік және тиімділік. Біздің міндетіміз-аудиториямызға сырттан ешкім, соның ішінде жарнама берушілер немесе шенеуніктер әсер ете алмайтын нақты және шынайы ақпарат беру. Сонымен бірге, біздің редакция әрдайым заңдылықты ұстанды және жұмыстың қиындықтарына емес, қоғамдық маңызды ақпаратқа назар аударуға тырысты», - деп мәлімдейді редакция. Біз бұл тұжырыммен келісеміз.
Осы өрескел оқиғаны дереу тергеу, HOLA News-тің үздіксіз жұмысын қалпына келтіру және халыққа сөз бостандығының Конституциялық нормаларын бұзудың себептері туралы хабарлау үшін барлық өкілеттіктеріңізді пайдалануыңызды сұраймыз.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры
(хат адресатқа Egov порталы арқылы жіберілді)