«Хабарды» қорғады. Ал қалғанын?
Ішкі істер министрінің қоғамдық кеңесшісі Жеміс Тұрмағамбетованың айтуынша, Алматы қаласының Полиция департаменті «Хабар» телеарнасының журналисімен дөрекі қарым-қатынаста болған кәсіпорынның күзет қызметіне лицензиясын қайтарып алды.
Естеріңізге сала кетейік, 24 тамызда «Хабар-24» телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірберген операторымен бірге Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігіне келді. Журналист лифтке кіруге тырысқанда, күзетші оны ұстап алып, күшпен ғимараттан шығарып, есікті жауып алады.
Алматы қаласының полиция департаменті жедел табандылық танытты. 10 маусым күні Атырау қаласының Ішкі істер департаментіне «Ақ Жайық» газетінің бас редакторы Азамат Майтанов өмірі мен денсаулығына төнген қауіп туралы арыз берген. Алматылық әріптестердің мысалын Ақмола облысының полиция департаменті қолдайды деп үміттенеміз. Онда қаңтар айынан бастап 716.kz ақпараттық портал тілшісі Оксана Матасованың ісі тергелуде. Оған өте өрескел түрде жұмыс істеуге кедергі келтірді.
Ал Алматы полиция департаменті 2019 жылдың шілде айынан бастап Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның кеңсесінде журналистерге жасалған шабуыл туралы істі тергеп жатқанын есіне алады ма? Фотосуреттері бар, аты-жөні белгілі,бірақ табылмайтын шабуылдаушыларды табады ма?
Жеделдік пен табандылық тек «Хабар» үшін ғана болуы тиіс емес…