Ар-намыс зардап шеккен жоқ: Алматыда сот кәсіпкердің Total.kz-ке талап арызын қабылдамады
2021 жылдың ақпанында азамат А.Мазин Алматы қаласы Алмалы ауданының N2 аудандық сотына Total.kz ақпараттық порталы – «Total Media Qazaqstan ЖШС» иесіне қатысты талап арызбен жүгінген.
А.Мазин 2016 жылдың 27 қаңтарында Total.kz ақпараттық порталында жарияланған «Украли у государства почти 500 млн тенге лжебизнесмены» деген мақала оның абыройын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін түсірді деп есептеді. Бұл ретте материал Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынына жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін шығарылған үкім туралы соттың баспасөз хабарламасы негізінде жазылған.
3 наурызда сот заңда белгіленген дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамауына байланысты А.Мазиннің талап арызын қараусыз қалдырды. Мазин қараусыз қалдыру туралы сот шешіміне шағым түсірді, ал 26 мамырда Алматы қалалық соты оның күшін жойды.
2 қыркүйекте Алматы қаласы Алмалы ауданының N2 аудандық соты Мазиннің талап арызын қарап, оның арызын толық қанағаттандырудан бас тартты.
Сот шешімінде «Мазин Александр Вячеславовичтің «Total Media Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шамсутдинов Эмиль Ринатовичке, Құбайжанов Аскар Баховичке 2016 жылдың 27 қаңтарында «Тotal.kz» жарияланған мақаланы ар-намысқа, қадір-қасиет пен іскерлік беделге нұқсан келтірді деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылды. Көрсетілген интернет-ресурстағы мақаланы жеті күн ішінде теріске шығарып жариялау, ал моральдық зиянды өтеу қабылданбады», - делінген.