Мамыр айынан бері журналист Оксана Матасованың кәсіби қызметіне кедергі келтіру ісі әуре-сарсаңға салынып келеді
Істің сюжетін еске түсірейік. Осыдан тура үш ай бұрын, 26 мамырда Көкшетаудағы 716.kz ақпараттық порталының тілшісі Оксана Матасова Қылшақты өзенінің жағалауын абаттандыру кезінде балалар еңбегін заңсыз пайдалану туралы материал дайындаған еді. Бұл жұмысты ұйымдастыруға қатысы бар Руслан Хогоев сұрақтарға жауап берудің орнына журналисті тілдеп, камерасын қағып жібереді.
Сол күні тілші полицияға ер адам ҚР ҚК 158-бабының 2-тармағын «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау», ҚР ҚК 131-бабының 2-тармағын «Қорлау», сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-баптарын «Ұсақ бұзақылық»бұзғандығын айтып арыз жазған. Алайда, 7 маусымда тергеу органы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады. «Ұсақ бұзақылық» ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша құқықбұзушыға 14500 теңге айыппұл салынады.
Жәбірленушінің адвокаты прокуратураға ҚР ҚК 158-бабы бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына шағымданғаннан соң және О.Матасованың Ақмола облысы полиция департаментінің басшысына жеке өтінішінен кейін қылмыстық іс қайта жаңартылды. Алайда, 29 маусымнан бастап полицияда, оның тергеу барысы туралы адвокатқа да, жәбірленушіге де хабарламайды, Көкшетау қаласы ПБ-нің тергеуші Ерлан Ргебаев телефон қоңырауларына жауап бермейді және кездесуден қашып жүр.
ПІКІР ОРНЫНА
Тәуелсіздік жылдарынан бері журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау туралы бір ғана іс сотқа жетіп, айыптау үкімімен аяқталды. Бұл 2005 жылы болды.