АҚДМ The Village журналистерін қалай қорғайды?
31 тамызда the-village-kz.com сайтында Әсем Жапишеваның «Абайдан шыққан бала: зорлық-зомбылық құрбаны үш жылдан кейін қалай өмір сүруде?» атты мақаласы жарияланды.
Келесі күні журналист Әсем Жапишева екі телефонын да өшіру керектігін, тіпті хабарламаларды тексере алмайтынын хабарлады. Репортаж жарияланғаннан кейін материалды алып тастауды талап етіп, белгісіз адамдардан, әр түрлі ведомстволардың өкілдерінен телефон арқылы қорқытулар түскен.
Жағдай кеңінен жария болған кезде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қысым жасауды қабылданбайды деп атап, «журналистердің құқықтарын қорғауға көмектесуге» дайын екендігін білдірді.
«Әділ сөз» түсініктемесі:
Мұндай ниетті тек қана құптауға болады, бірақ АҚДМ мақала авторын нақты қалай қорғайтыны әлі белгісіз: бұл министрліктің қызметін реттейтін бірде-бір құжатта журналистердің қауіпсіздігін қорғау туралы сөз жоқ. Бұл полицейлердің белсенді қатысуымен болады деп үміттенгіміз келеді, себебі қауіп бұл ҚР ҚК 115 -бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық.