Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Ташкентте Медиазертхана-2021 ашылды

23 тамыз 2021

Бүгін Ташкентте Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген журналистер мен еріктілерге арналған Медиазертхана-2021 халықаралық тренингі өз жұмысын бастады. Оны журналистерді қайта даярлау орталығы (Өзбекстан) ұйымдастырды.

 

Тренингке Қазақстаннан «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен «Қазақстан Медиа желісі»ҚБ қатысуда.

Тренинг тақырыбы- «Жаһандық Азаматтылық қағидаларын нығайтудағы масс-медианың рөлі».

Іс-шара 25 тамызға дейін жалғасады. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның медиа-ұйымдарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы Меморандумға қол қоюмен аяқталады.

Ынтымақтастық бірлескен білім беру бағдарламаларын өткізуден, құқық қорғау қызметі тәжірибесін алмасудан және сөз бостандығы қағидаттарын ілгерілетуде күш-жігерді біріктіруден тұратын болады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз