Алматыда әкімдіктің күзетшісі «Хабар-24» тілшісін есіктің сыртына лақтырып жіберді
25 тамыз 2021
24 тамызда «Хабар-24» телеарнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірберген операторымен бірге Алатау ауданының әкімдігіне келді. Журналист лифтке кіруге тырысқанда, күзетші оны ұстап алып, күшпен есік алдына әкеліп ғимараттың сыртына лақтырып, есікті жауып тастады. Қыздың қатты айқайына қарамастан, әкімдік қызметкерлерінің ешқайсысы бұл оқиғаға араласпады.
Алатау ауданының әкімдігі бұл оқиғаның себебі- телеарна қызметкерлерінің Ashiq мәртебесін сканерлеуден бас тартуы және журналистің өзі арандатушылық тудырды, деп мәлімдеді. Соған қарамастан, әкімдік өз қызметкерінің іс-әрекетін қолайсыз деп атап, қызметтік тергеу жүргізуге уәде берді.