Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Петропавлда «Хабар» телеарнасының журналистеріне сауда орталығының күзетшілері шабуыл жасады

2 тамыз 2021

2 тамызда «Хабар» телеарнасының петровпавлдық тілшілері Төлеген Иманов, Самат Жақыпов және Наталья Волкова Ashyq бағдарламасының жұмысы туралы сюжет түсіру үшін «Достық Молл» сауда орталығына келеді. Түсірілім кезінде СО әкімшілері жақындайды. Тілшілер өздерін таныстырып қызметтік куәліктерін көрсетіп, түсірілімнің мақсатын түсіндірді. «Достық Молл» СО күзетінің аға қызметкері өзінің қарамағындағыларға түсіру тобын шығаруды бұйырады, содан кейін күзетшілер журналистерге жұдырығымен шабуыл жасайды.

Тілшілер оқиға орнына полиция шақырады. Алайда оқиға орнына жол полициясы келді. Қазіргі уақытта журналистер опергруппаның келуін күтуде.

 

Осы оқиғаға «Әділ сөздің» түсініктемесі:

Дүкендер мен басқа да қызмет көрсету орындарының ішінде суретке түсіруге тыйым салу заңсыз және оны мекеме иелері мүмкін сауда-саттықтың бұзылуын тіркеуді тоқтатқысы келетіндігімен түсіндіретін болар.

 

Түсірілімге тыйым салу және сауда орнына кіруге кедергі жасау «БАҚ туралы» және «тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»заңдарға қайшы келеді.

Жеке күзетшілердің қызметі «Күзет қызметі туралы»Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Күзет қызметкерлерінің күзетілетін аумақтағы адамдарды ғана ұстауға құқығы бар, егер түсірілім одан тыс жерде болса, оларда мұндай құқық жоқ. Суретке түсіру қылмыс та, құқық бұзушылық та емес.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз