Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Ақпаратқа қол жетімділік - барлығына бірдей ме әлде тек өздеріне ғана ма?

15 маусым 2021

15 маусымда Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қазақстандық кеңсесінде Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің Жанболат Мамайға қатысты талап-арызы бойынша сот шешімі туралы баспасөз конференциясы басталар алдында жанжал орын алды.

Іс-шара басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын карантиндік шектеулерге байланысты баспасөз конференциясы онлайн режимде өтетіндігі белгілі болды. Осыған қарамастан, баспасөз залына бірнеше журналис келіп, саясаткерге өз сұрақтарын қоя бастады. «Азаттық Рухы» тілшісі Әмірболат Құсайыновтың сұрақтарына Жанболат Мамай: сіз жалған БАҚ-тың жалған журналисісіз, деп жауап беруден бас тартып, журналистің бөлмеден кетуін талап етті.

Әмірболат Ж.Мамайға сіз, БАҚ-тың барлық сұрақтарына ешкімді қорламай және журналистерді ұнайды, ұнамайды деп бөлмей жауап бердіңіз, деді.

Залдағы қатысып отырған бір ер адам журналисті қолынан ұстап, оны залдан шығаруға тырысты.

Әмірболат тіркелмеген Демократиялық партия жетекшісінің мінез-құлқына таң қалды. Өйткені, ол өзінің принциптерін бірнеше рет жария етіп, барлық азамат тең құқықты, пікірлердің плюрализмі және барлық БАҚ-тың ақпаратқа тең қол жетімділігі туралы айтқан еді. Алайда, журналист бұл туралы шағымданбайтынын айтты.

Өз сұрағыңызды қойыңыз