«Журналистер үшін әділеттілік»: 2020 жылы БАҚ қызметкерлеріне жасалған шабуылдар
8 маусымда «Журналистер үшін әділеттілік» құқық қорғау ұйымы (Justice for Journalists, JFJ, Лондон) «2020 жылы медиа-қызметкерлерге жасалған шабуылдар»атты жыл сайынғы баяндамасын жариялады.
Зерттеу посткеңестік кеңістіктің 12 еліндегі (Балтық жағалауы мемлекеттерінен басқа) медиақызметкерлерге дәстүрлі және онлайн-басылымдардың редакцияларына қатысты шабуылдарды талдайды.
Құқық қорғаушылар: 2020 жылы медиа қызметте кездесетін қауіптің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті (4611 жағдай), өткен жылы (1907) болған, ал негізгі қауіп-билік өкілдерінен болған деп атап көрсетеді.
JFJ журналистердің жұмыс жағдайларын қатаңдатудың негізгі факторлары ретінде медиақызметкерлердің ақпаратқа қол жетімділігі мен қозғалыс еркіндігін шектейтін жаңа заңдар мен ережелердің енгізілуін, Ковид-19 пандемиясы кезіндегі шектеу шараларын және «фейк-ньюске» қарсы күрес, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайдың шиеленісуіне байланысты азаматтардың жаппай наразылық акцияларын атайды.
«2020 жылы медиақызметкерлерге жасалған шабуылдар» зерттеуімен мына сілтеме бойынша танысуға болады. https://jfj.fund/ru/doklady/