Депутатқа орын бер!
28 мамырда «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Фархат Әбілов Атырау қалалық мәслихатының көзқарасы бойынша ақылға сыймайтын әрекет жасады – депутатқа орын бермеді.
Әбілов мәслихаттың кезекті сессиясына келеді. Барлық журналистер естілетін және бәрі жақсы көрінетін жерден орын алуға асыққан. Бірақ ондай жер болмады! Мәслихат хатшысы одан басқа жерге отыруды сұрады. Өйткені бірінші қатар тек депутаттарға арналған. Журналист орын ауыстырудан бас тартты. Сессияға қатысып, артқы қатарға отырып, ештеңе естімеудің мәні неде?
Осыдан кейін бас редактор Азамат Майтановқа қалалық мәслихаттың қабылдау бөлмесінен қоңырау шалып, сөйлесуге шақырды. Әңгіменің тақырыбы айтылмады. Редактор барудан бас тартты. Ал 3 маусымда ол мәслихат аппараты басшысының міндетін атқарушы Сейтқалиеваның қолы қойылған ресми хат алды. Онда тілші Ф. Әбіловтың лайықсыз әрекеті туралы анықтамамен танысуға шақырған.
Редактор мәслихат құқық қорғау органы емес, журналистің мінез – құлқын талдау оның құзыретіне кірмейді деп жауап берді.
Шамасы, қоғамдық көліктердегі «мүгедектер мен балалы жолаушыларға арналған орын» деген тақтайшаларға енді «депутаттарға арналған орын» деген жазуды қосатын кез келді.