Атырауда медиахолдинг директоры журналисті сотқа беремін деп қорқытты
Журналист Бауыржан Сисенов әлеуметтік желіде «Атырау-Ақпарат»медиахолдингі қызметкерлерінің жиналысы туралы баяндаған пост жариялады. Жиналыс барысында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы «Атырау – Ақпарат» директорына және басқа да басшыларына 200 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін сыйақы мөлшерін айтқан. Журналист Сисенов холдингтің қатардағы қызметкерлерінің жалақысы аз екенін, ал сыйлықақы бермейтінін немесе 10-15 мың теңге мөлшерінде берілетінін айтқан. Аудандық газеттер жазылым жоспарларын асыра орындағанымен және ай сайын жарнама жоспарын орындаса да, олардың бірде-бір қызметкері холдинг басшылығы сияқты марапаттарға ие болмайды. «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы мұны ақшаның жетіспеушілігімен және үлкен борыштың болуымен түсіндірді.
«Атырау-Ақпарат» директоры Ысқақ Егембердиев өзінің үлкен сыйақыларын «Атырау-Ақпарат» акцияларының 100 пайызы облыстық әкімдікке тиесілі квазимемлекеттік кәсіпорын болып табылатындығымен түсіндіріп: «2020 жылғы 27 шілдедегі еңбек шартына сәйкес жалақы сонда көрсетілген. Мен оны өзіме тағайындамаймын. Менің ар-намысым мен қадір-қасиетіме нұқсан келтіретін дәйексіз мәліметтерді таратқаныңыз үшін сізге сотқа жүгінетінімді мәлімдеймін» деп қорқытқан.
Облыстың ішкі саясат бөлімі басшысының қатысуымен өткен жиналыстан кейін көптеген журналистер холдинг басшыларының өздеріне үлкен сыйлық беру әдеті туралы мәселені көтерді.
«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі 2001 жылы ЖШС нысанында құрылды. Оның құрамына қазақ және орыс тілдеріндегі екі облыстық газет – «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» және жеті аудандық газет кіреді.