Көкшетауда белгісіз ер адам журналиске жұдырығын ала жүгірді
Көкшетауда белгісіз ер адам журналиске жұдырығын ала жүгірді
Көкшетау тұрғындарының бірі «716.kz» ақпараттық порталының редакциясына шағымданды. Ол оның 14 жасар ұлын қалалық Қопа көлін жақсарту үшін жалдап, онымен келісімшарт жасамай, ақысын төлерде алдағанын айтқан.
26 мамырда журналист Оксана Матасова жұмыс орнына келіп, суару арықтарын тазалап жатқан балаларды видеоға түсіріп алады.
Көп ұзамай белгісіз ер адам оған жақындайды. Журналист онымен амандасып, өзін таныстырады. Бұған жауап ретінде бейтаныс адам балағат сөздер айтып, оның кетуін талап етіп, жұдырықпен ұрған.
Тілші қоқан-лоққы шабуылынан қауіпсіз қашықтыққа шегінуге мәжбүр болады. «716.kz» порталында оқиға туралы сюжет шыққаннан кейін полиция Матасоваға қоңырау шалған. Ол құқық қорғау органдарына шабуыл жасаған ер адамға үш бап бойынша шара қолдану туралы арыз жазды: «Ұсақ бұзақылық», «Кәсіби қызметке кедергі жасау» және «Қорлау».
Ақмола полиция бөлімінің баспасөз қызметі әзірге оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.