Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Заңсыз өмір сүру?

25 мамыр 2021

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен сұхбатында БАҚ туралы жаңа заң жобасының тағдыры туралы мәселені кезекті рет қозғаған Orda.kz және журналист Сырым Иткұловқа рахмет. (https://orda.kz/aida-balaeva-o-goszakaze-cenzure-blokirovke-sajtov-i-uzyn-qulaq/ ).

Біз министр ханымның Дәурен Абаевтың кезінде басталған жұмыс жалғасуда, бізді «бұқаралық коммуникация құралдары туралы мүлдем жаңа заң жобасы» күтіп тұр және барлық кабинеттік келісулерден кейін журналистерге оның «Әділ сөздің»ресми сауалына келген жауапты талқылауға мүмкіндік береді деген сеніміне ие болып үлгермедік. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі  Кемелбек Ойшыбаевтың қолы қойылған бұл ресми жауап, былайша айтқанда, таң қалдырды:

 «Қазіргі уақытта Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау сатысында тұрған заңнамалық өзгерістер бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі. Бұл ретте көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін Үкімет бұл жаңа заң немесе қолданыстағы заңнамаға жекелеген түзетулер бола ма, жоқ па шешім қабылдайтын болады».

Эмоцияны басып, біз сұрақтарды саралаймыз.

1.     Журналистікқоғамдастыққажәнежалпыазаматтыққоғамғатікелейқатыстызаңнеліктен журналистерден жасырын жетілдіріліпжатыр? Мемлекеттік лауазымдардағы немесе погондардағы «шенділер» үкіметтік емес сектордың сарапшылары мен медиа заңгерлерге қарағанда жариялылықтың халықаралық стандарттарын және журналистік жұмыстың ерекшеліктерін жақсы түсінеді? «Мүдделі мемлекеттік органдардың» БАҚ заңнамасына араласудың нәтижесі «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға тыйым салынады» деген сияқты қолданыстағы заңның інжу-маржанына айналды. Бұл билік тағы неге тыйым салуды және шектеуді көздейді?

 

2.     Болашақ заңмен жұмыс істеу алгоритмі ескі калькаға сәйкес неге модельденеді: билік шедевр ұсынады - жұртшылық қолдайды, бірақ аздап сынайды - билік бұл сынды тыңдап және ескерген болады - парламент бірауыздан «қолдап» дауыс береді.

 

3.      НЕГІЗГІНӘРСЕ: қолданыстағызаңдыешқандайтүзетулерсақтамайды, бұлпосткеңестіккезеңдегіалғашқыжағымсызөнім, жүзтүзетудіңарқасындамүлдемұсқынсызболыпкетті.

Әріптестер, біззаңжобасыныңуәдеетілгенболашағытуралыкөпшіліккеайтқымызкеледі. Біз ұмытып кету құқығына, ақпарат көздерін шектеуге және тағы басқаларға ҚАРСЫМЫЗ, біз сөз бостандығының нақты кепілдіктерін қолдаймыз.

Кім қолдауға ниетті, мұны қалай жақсарта аламыз? Айтыңыз. Президентке үндеу жазыңыз немесе қол жинаңыз. Нені талап етіп, нені ұсыну керек?

info@adilsoz.kz мекен-жайына немесе әлеуметтік желілерде пікір жазыңыз.

Өз сұрағыңызды қойыңыз