ҮНДЕУ
Қазақстан Республикасының президенті
Қ.К.Тоқаевқа
ҮНДЕУ
бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасының негізінде
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Адам құқығы саласының заңшығару процессіне азаматтық қоғамды тарту жөнінде Сіздің ұсыныстарыңызды қолдай келе, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заң жобасының дайындалуын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғамды, БАҚ пен журналистік ұйымдарды қатыстырмай, құпия түрде жасап жатқаны бізді мазалайтынын хабарлаймыз.
Бұл жөнінде 24 мамыр күні Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүй деді: "Осы кезеңде үлкен аналитикалық дайындалу жұмысы жүргізілуде. БІЗ оны аяқтағаннан кейін, барлық мүдделі тараптарды қатыстырып, талқылаймыз". Сөз еркіндігі мен ақпаратты таратуға күрделі шектеулер жоспарлануда екенін өзге мақалалардан біліп отырмыз. Медиа сарапшылардың ойынша, чиновниктердің "жаңа" ұсыныстары мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелеріне және қоғам мүддесіне, мәселен, ұмыту құқығы, блогерлерді тіркеу, әлеуметтік желіні қолдануды шектеу, интернет теледидарды шектеу сынды ұсыныстары қайшы келеді.
21-ші ғасырдың жаңа заңы мемлекеттің бақылау, шектеу мен жазалау функциясын күшейту үшін емес, Конституцияда жазылған сөз бостандығы кепілінің нақты механизмдерін және Қазақстан ратификациялаған халықаралық пактілер мен келісімдерге сәйкес келуін қарастыруы керек.
Еліміздің журналистік қоғамдастығы мен үкіметтік емес ұйымдардың бұқаралық ақпарат саласында заңнаманың сарапшылық зерттеулері және құқық қолдану практикасы жөнінде таптырмас байсалды тәжірибесі бар. Біздің ойымызша, мемлекеттік органдар заңжобаны дайындаудың бастапқы кезеңінде-ақ үкіметтік емес сектормен тығыз байланыста болғаны жөн. Ал, чиновниктердің деформацияға ұшыраған құжаттың "қаңқасын" дамыту, жақсарту ақылға сыйымсыз, қай жағынан да нәтижесі шамалы дүние.
Сізден, Еліміздің қоғамдық өмірін көп жағдайда нақтылайтын "Бұқаралық ақпарат құралы туралы" заң жобасының азаматтық қоғам мен журналист өкілдерін қоса отырып, басынан ашық, алқалы түрде дайындалуына ықпал етуіңізді өтінеміз.