ЮНЕСКО Калинги сыйлығына өтініш қабылдай бастады
ЮНЕСКО-ның/Калинги сыйлығы-екі жылда бір рет көрнекті жазушыларға, редакторларға, лекторларға, радио/теледидар/веб-бағдарламалар директорларына немесе кино режиссерлеріне ғылымды, зерттеу мен технологияны танымал еткені үшін берілетін халықаралық сыйлық.
Үміткерлерді ЮНЕСКО-ның Бас директорына мүше мемлекеттердің үкіметтері өздерінің ұлттық комиссияларымен, сондай-ақ ЮНЕСКО-мен ресми қарым-қатынастарды қолдайтын үкіметтік емес ұйымдармен консультация бере отырып ұсынады. Әрбір мүше мемлекетке немесе үкіметтік емес ұйымға бір кандидатурадан артық ұсынуға рұқсат етілмейді. Үміткер өз атынан өтініш бере алмайды
Үміткерлердің ғылыми дәрежесі болуы немесе ғылыми зерттеулермен айналысуы міндетті емес. Сыйлық мектепте немесе ЖОО-да сабақ бергені, оқу бағдарламаларын әзірлегені немесе жүргізілген зерттеулер үшін берілмейді.
Кандидатураны ұсыну туралы хат ағылшын немесе француз тілдерінде ұсынылуы керек және үміткердің академиялық / кәсіптік білімінің сипаттамасы; ғылымды насихаттау бойынша жұмыстың немесе жұмыс нәтижелерінің қысқаша мазмұны; ұсынылған жұмыстың ғылымды танымал етуге қалай ықпал еткендігінің сипаттамасы; берілген қосымшалардың тізімі (жарияланымдар, кітаптар, электрондық медиа, БАҚ-тағы мақалалар және т.б.); аудармалар тізімі берілуі тиіс.
Өтініш 2021 жылғы 17 мамырға дейін қабылданады.
Толығырақ ақпарат ағылшын тілінде мына сілтеме бойынша қолжетімді https://ru.unesco.org/node/305396