Қазақстан баспасөз бостандығы рейтингісінде: біз 155-ші!
20 сәуір 2021
«Шекарасыз тілшілер» 2021 жылғы дүниежүзілік баспасөз бостандығы индексін жариялады.
Жақсы жаңалық: Қазақстан рейтингте екі сатыға көтерілді.
Жаман жаңалық: біз әлі де «жаман» аймақтамыз. Нақтырақ айтсақ: өткен жылы 180-нің ішінде 157-ші орында болсақ, биыл 155-ші орындамыз.
Сұрақ: ең аз дегенде «проблемалы» ел мәртебесіне осындай қарқынмен жету үшін қанша жыл қажет (ол биыл 107-де аяқталады)?
Индекстің толық есебі мен талдауын https://rsf.org/en/ranking оқыңыз.