Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Ұмыту құқығы сөз бостандығын және сыбайлас жемқорлықпен күресті шектейді

14 сәуір 2021

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының

МӘЛІМДЕМЕСІ

 

13 наурызда НҚА сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздікті ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген тақырыпта барлығы дерлік қамтылған заң жобасы жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8062189 ). Авторы - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Жобаны әзірлеушілер, «Ақпараттандыру туралы» заңға өзгерістер ұсынады. Атап айтқанда - ұмытып кету құқығын енгізу: «Егер жеке тұлға немесе оның заңды өкілі жүгінген жағдайда, интернет-ресурстың меншік иесі немесе иесі іздеу деректерінен интернет-ресурстың ұсынылған сәйкестендіргіші бойынша ескірген немесе өзекті емес ақпаратты алып тастауға міндетті».

Бұрын жасалған қылмыстар және тіпті ұсақ алаяқтықтар туралы ақпарат тек шенеуніктер мен өмірбаянының жағымсыз фактілерін жасырғысы келетін басқа адамдарға «орынсыз» немесе «ескірген» болып көрінуі мүмкін.

Бұл ұсыныстарды қолдайтын шенеуніктердің еуропалық тәжірибеге сілтемелері толығымен негізсіз, өйткені бүгінде халықаралық құқықтық норма ретінде ұмытып кету құқығының заңмен белгіленген ережелері жоқ.

«Ұмытып кету құқығы» ақпаратты іздеу және алу конституциялық құқығына қайшы. Жеке және қоғамдық мүдделер арасында айқын теңсіздік  тудырады. Бұл норманы енгізу нақты цензураға алып келеді, журналистік тергеулерді бұғаттайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тұтастай тежейді.

Қазақстанда «ұмыту құқығын» енгізуді қауіпті деп санаймыз. Бұл норманы заң жобасынан алып тастауды талап етеміз.

Өз сұрағыңызды қойыңыз