Журналист карантинді бұзған кездесу ұйымдастырды деп айыпталуда
29 наурызда «Время» республикалық газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі Злата Удовиченко Бәйтерек ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне шақырылды. Қоңырауға жергілікті тұрғындардың бірінің журналистке қарсы жазған арызы себеп болған. Әйел Злата Удовиченконы карантинде адамдарды жинады деп айыптайды.
- Мен бұл кездесуге өз атымнан ешкімді шақырған жоқпын. Неліктен бұл әйел кездесуді ұйымдастыру бастамасы менікі деп ойлайды, менде бұл туралы түсінік жоқ, - деді «Әділ сөз» қорына Злата Удовиченко. - Жағдай келесідей дамыды. Ауылдық газеттердің бірінде 25 наурыз күні сағат 15.00-де Трекино кентінің клубында жергілікті қоғамдастық жиналысы өтеді, онда ауылдың атын өзгерту туралы мәселе қаралатыны туралы хабарландыру пайда болады. Мән-жайды білуім үшін мені осы ауыл тұрғындарының бір чаттарына қосты. Кездесу күні жақындағанда аймақ Ковидтің таралуы жағынан «қызыл аймаққа» өткендіктен, жергілікті қоғамдастық жиналысы онлайн форматқа көшірілді деген ақпарат тарады. Бұл хабарлама ресми емес болғандықтан, мен оны қайта тексеріп, оған қалай қатысуға болатындығын нақтылауды жөн көрдім. Ол үшін мен Трекино ауылына жиналыс күні қарсаңында 24 наурызда келдім. Әкімдікте ешкім болмады, бірақ мен ауыл әкімінің орынбасарымен кездестім, ол бұл жиналыстың қалай өтетінін өзі түсіне алмайтындығын айтты. Ол сондай-ақ кездесуді zoom конференциясы форматында өткізу жергілікті ішкі саясат бөлімінің идеясы екенін айтты. Мен осы бөлімнің өкіліне қоңырау шалдым, ол бөлімнің бұл мәселеге мүлдем қатысы жоқ екенін айтты. Алайда, 5-10 минуттан кейін ол маған қайта қоңырау шалып, мән-жайды анықтап және кездесу сол күні, белгіленген сағатта және хабарландыруда көрсетілген жерде болатынын айтты. Бірақ эпидемиялық жағдайлар өзгергендіктен, кездесу клубтың өзінде емес, ашық аспан астында - оның жанындағы алаңда өтеді. Мен ауыл тұрғындарының чатында дәл осы ақпаратты айттым, өйткені чатқа қатысушылардың көпшілігі кездесудің өтетінін-өтпейтінін түсіне алмады.
Келесі күні ауыл тұрғындары мәдениет үйінің жанына жиналып, журналист Удовиченконы бірнеше адам арандатушылық жасады және ол адамдарды клуб жанына жиналуға шақырды деп айыптайды. Жергілікті полиция оны опорный пунктке жеткізіп, сұрау хаттамасын жасайды. Ол қандай жағдайда өзінің сұралып жатқанын түсіндіруді сұрағанда, полиция бұл қандай-да бір істің шеңберінде емес, тек жағдайды түсіну мақсатында жүргізілген сұрау екенін айтады.
Дүйсенбі, 29 наурызда Удовиченконың ұялы телефонына қоңырау шалады. Әйел өзін Бәйтерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерімін деп таныстырып, СЭС жергілікті бөлімінде белгілі бір азаматтан оған қарсы арыз түскенін айтады. Ол журналисті адамдарды алаңға жинады, сол арқылы карантиндік талаптарды бұзды деп айыптайды. Сонымен қатар, қоңырау шалушының айтуынша, журналистке дәл осы оқиғаға байланысты полициядан құжаттар түскен. Удовиченко оған өзінің бастамасымен ешкімді жинамағанын айтты. Бұған СЭС қызметкері бөлімге келіп, түсініктеме жазуды ұсынды.