Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының журналистерге шабуыл жасауға жол бермеу туралы мәлімдемесі
Соңғы уақытта Түркістан облысында журналистерге шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. Бұл шабуылдарды полиция қызметкерлері жасайтындығы ерекше алаңдаушылық тудырады. Бұл ретте мұндай істерді тергеу әуре-сарсаңға салынады.
3 сәуірде полиция КТК телеарнасының тілшісі Бек Әбиевке Алтынтөбе кентіндегі тұрғындардың наразылығын түсіруге тыйым салды. Журналист Бахром Абдуллаевқа полиция қызметкерлері түсірілім кезінде камераның үстінде тұрған қолшатырды сындырып, қолын жарақаттап, өліммен қорқытты. Азаттық радиосының тілшісі Диляра Исаның ұялы телефонын тартып алуға тырысты.
Бұған дейін, 2 наурызда Шымкентте полицейлер «Астана» телеарнасының тілшісі Бахрамбек Талибжановты ұрып – соғып, «31 арнаның» тілшісі Бахром Абдуллаев өздерінің кәсіби міндеттерін атқарған кезде – олар базардағы өртпен күресті түсірмек болғанда күш қолданған болатын.
Полицияға арыз берген журналистерді тергеу барысы туралы хабардар етпейді, тіпті 2 наурыздағы шабуылда күдіктінің бар-жоғы белгісіз. Кінәлілер жауапкершіліктен құтылып кете ме деген қауіп бар.
Бұл жағдайды сөз бостандығына және әсіресе журналистердің қауіпсіздігіне төнген қауіпті тенденция деп санаймыз. Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР ҚК 158-бабын, «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңын және Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарды бұзу фактілері белгілі. Бұл өзін демократиялық деп санайтын мемлекетке мүлдем лайықсыз.
Біз ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевты полиция қызметкерлерінің журналистерге шабуыл жасауы туралы істерді өз бақылауына алуға және кінәлілерді ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға шақырамыз.
ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовті осы істе заңдылықтың сақталуын қадағалауды жеке жүзеге асыруға шақырамыз.
«Әділ сөз» оқиғалардың дамуын қадағалап, журналистерге жасалған шабуыл туралы істерді сотқа жеткізу үшін барлық мүмкін болатын көмекті көрсететін болады.
Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібаймен бірге әріптестеріміз бен отандастарымызға зардап шеккен журналистерді қолдауға шақырамыз.