Шымкентте «Астана» телеарнасының журналисін ұрды
2 наурыз 2021
2 наурызда полицейлер Шымкенттегі «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Бахрамбек Талибжановты ұрды. Түнде Тамерлан тас жолының бойында орналасқан автобөлшектер қоймасында үлкен өрт шықты. Журналист сол жерге репортаж түсіруге келеді. Тәртіп сақшылары видеоға түсіруге тыйым салды.
Үш полиция қызметкері Бахрамбек Талибжановтың қолын бұрап, біреуі тілшіні бетіне, содан кейін бүйрегіне ұрған. Осы кезде Бахрамбектің әріптесі 31-арнаның тілшісі Бахром Абдуллаев оларға жүгіріп, не болып жатқанын телефонға түсіре бастайды. БАҚ өкілдерін Абай АІІБ-не жеткізді. «Астана» телеарнасының тілшісі шабуыл туралы арыз жазды.