Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Бахрамбек Талибжановты кім ұрды?

3 наурыз 2021

2 наурыз күні кешке «Әділ сөз» қоры Шымкентте төтенше оқиғаның түсірілімі кезінде полицейлер «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Бахрамбек Талибжановты ұрып-соққанын және мұны 31-арнаның тілшісі Бахром Абдуллаев телефонына жазғанын хабарлады.

 

Бірнеше сағаттан кейін, атап айтқанда 3 наурыз күні сағат 1.30-да қордың атына «сіздің мақалаңызға қатысты алдын ала жауап келді: Шымкентте «Астана» телеарнасының журналисін ұрып-соққан. Жіберушінің мекен-жайы біртүрлі  қазақстандық полиция қызметі - dvdg.shymkent@mail.ru -хабарламада бірде-бір фамилия жоқ, оны сөзбе-сөз келтіреміз:

 

«Аталған факті бойынша полиция департаментінің қызметкерлері қызметтік тексеруді бастады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры республикалық арналардың тілшілерімен жеке кездесіп, туындаған жағдайды талқылағанын хабарлаймыз.

Құрметпен,

Шымкент қаласының ПД»

Бұл жалған емес деп үміттенеміз. Біз шабуылға жол берген полицейлердің аты-жөнін, оларды қалай және кім жазалағанын білеміз деп ойлаймыз.

Өз сұрағыңызды қойыңыз