Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделяға» Атырауға жетуге тыйым салынды. Раул Упоров ұсталды

3 ақпан 2021

15.00

«Уральская неделя» газеті редакторының орынбасары Раул Упоровты полиция «Орал-Атырау» тас жолында бас редактор Лұқпан Ахмедьяров ұсталғаннан кейін бір сағаттан соң ұстады.

 

Ұстаудың ресми себебі журналистер жүрген көлікті бағдарға алған. Раул Упоровтың айтуынша, Лұқпан Ахмедьяровты жауап алуға келмеді деген айыппен тура тас жолдан алып кеткеннен кейін, олар әрі қарай жүре берген. Бірақ бірнеше шақырымнан кейін полиция көлігі оларды басып озып тоқтауды талап еткен. Автокөлік жүргізушісіне оның Оралда бүгін болған жол көлік апатын жасады деген күдік бар екендігі туралы хабарлайды, сондықтан оның көлігі тоқтатылған. Осыдан кейін машина түсініктеме беру үшін Чапаево ауылына жеткізілді.

 

«Мұның бәрі ақымақтық», - дейді Раул Упоров ашуланып. - Әңгіме Лұқпанның ұсталғанында емес, қазір бізде. Мәселе полиция Атырауға қарай бет алған ондаған машинаны бірнеше сағат бойы тас жолда ұстауға қымсынбады. Жеңіл көліктер, жанармай таситын көліктер болды. Олардың барлығы күтті. Шынымды айтсам, мен бұлай болатынына соңына дейін сенбедім. Мен Лұқпанға шақыру қағазын жолға алып келгендеріне де сенбедім. БІРАҚ содан кейін олар машиналарды жібере бастағанда!..

 

Енді олар бізді ол жаққа жібермейді, біз Макс Боқаевтың босатылған сәтін түсіре алмаймыз. Онда бір аптаның ішінде одан сұхбат аламыз! Осы әурешіліктер не үшін сонда? дейді.

 

Упоровтың айтуынша, қазір жүргізуші екеуі Чапаево АІІБ ғимаратының жанында. Жүргізуші ғимаратқа кірді, ол жерде криминалисті күтіп отыр. Полицияның айтуынша ол қандай да бір себептермен көрші ауданнан келуі керек.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз