Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделяны» аулау: Раул Упоров айтып береді

3 ақпан 2021

17.00

Олардың көлігі Чапаево ауылына жеткізілгеннен кейін, Круглоозерное кентінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алғандықтан, журналистер басқа көлік тауып, одан әрі Атырауға бармақшы болады.

- Біз трассаға қарай шықтық және бірден жолшыбай көлік таптық, - дейді Раул. – Көлікте жолаушылар болды, олар бүгін Атыраудан Астанаға ұшуы тиіс екен. 15 немесе 20 шақырым жол жүргеннен кейін полиция көлігі біз мінген машинаны қуып жетті.  Бұл жолы жүргізушіге заңсыз тасымалдаумен айналысқаны туралы шағым түскен. Барлығымыздан көліктегі басқа жолаушылардан да түсініктеме жазуды сұрады. Ал түсініктеменің себебін ешкім нақты түсіндіре алмады. Менің не үшін бізден түсініктеме алып жатыр деген сұрағыма полиция қызметкері Чапаево ауылында не болып жатқандығы туралы ұзақ айта бастады. 

Түсініктемені жазғаннан бері жарты сағаттан астам уақыт өтті. Полиция қызметкерлері әр түрлі сылтаулармен көлікті одан әрі жүргізбей тұр.

Өз сұрағыңызды қойыңыз