«Тобыл-инфо» АА редакторы Александра Серғазинова рейд кезінде зардап шекті
30 қаңтар 2021
29 қаңтарда кешке «Тобыл-Инфо» ақпараттық агенттігінің редакторы Александра Сергазинова Қостанайда карантиндік режимнің сақталуын бақылайтын бақылау тобының қызметкерлерімен бірге жүрді. Бақылау тобы Jon Snow караоке-барында іс-шара өтіп жатқанын анықтайды. Топ қызметкерлері залға кірмек болған кезде күзетшілердің қатаң қарсылығына тап болады. Күзетші видеоға түсіріп жүрген Серғазинованың қолынан ұялы телефонын тартып алып, ғимараттан итеріп шығарады. Журналист жарақат алды.
Серғазинова 102-ге қоңырау шалады, оқиға орнына полиция жасағы келді. Күш қолданған күзетшілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.