Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Облыстық полиция департаменті өзінің мемлекеттік сатып алулары туралы мақала үшін қылмыстық іс қозғады

31 желтоқсан 2020

26 желтоқсан күні ratel.kz порталындаОльга Вороньконың «21 жастағы миллионер полицияны қаруландырады» атты мақаласы жарық көреді. Мақалада Павлодар облысының полиция департаменті ерекше тәртіппен жүргізген мемлекеттік сатып алу туралы айтылады. Павлодарлық полицейлер 523 млн. теңгеге қорғаныс амунициясын (бронежилеттер, шлемдер, таяқшалар, соққыға қарсы қалқандар) сатып алады.

Журналист алдымен полиция бөлімі goszakup.kz сайтында тендер арқылы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру орналастырғанын анықтайды. Оған 12 әлеуетті қатысушы қатысқан. Алайда, белгісіз себептермен байқау тоқтатылып, оның орнына департамент жоғарыда аталған жабдықты бір көзден сатып алады. Жеткізуші жоспарланған мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін бір ай бұрын тіркелген «SECURITY FACTORY» ЖШС болады. Компанияның негізін қалаушы - павлодарлық колледждердің бірінің 21 жасар «стропальщик» мамандығы бойынша бітірген түлегі.

            Қалған тәжірибесі мол және осындай жабдықтарды жеткізу бойынша тиісті рұқсаты бар фирмалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бас Прокурорға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, ҚР Есеп комитетіне және Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды айыптап мәлімдеме жасайды.  Кәсіпкерлер Ольга Воронькоға да өз талаптарын айтады.

29 желтоқсанда полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі журналистке қоңырау шалып, Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жария ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және оның өзі куәгер екенін хабарлайды. Тергеуші мақалаға негіз болған құжаттарды беруді сұрайды. Сол күні Павлодарлық журналистер (Фейсбук әлеуметтік желісіндегі аккаунт арқылы) баспасөз қызметінен Ольга Воронькомен болған жағдайды түсіндіріп, ол жария еткен ақпараттың (қызметтік, құпия, мемлекеттік құпия) қандай мәртебесі бар екенін және ҚР ҚК қандай бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлауды сұрайды. Алайда Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты әлі күнге дейін ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Кейін Ольга Вороньконың өзі Facebook-тегі парақшасында бейресми көздерден қылмыстық іс 147-бап, 5-бөлім «Адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы ақпаратты оның келісімінсіз бұқаралық ақпарат құралдарында тарату немесе басқа жеке деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіру» бойынша қозғалғаны туралы хабарлады. Бұл бап бойынша (жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Іс «SECURITY FACTORY» ЖШС 21 жастағы меншік иесінің өтініші негізінде қозғалған.

«Әділ сөздің» түсініктемесі:

Тергеуші журналиске хабарлаған мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты жария етті деген айып та, Ольга Воронко бейресми түрде білген жеке өмір құпиясын жария етті деген айып та жарияланған мақалаға қолданылмайды.

Павлодар полиция департаментінің goszakup.kz веб-сайтында осы жабдықты сатып алу бойынша тендер тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру және оған қатысуға 12 әлеуетті қатысушының қатысуы туралы ақпаратты орналастыруы бұл ақпараттың мемлекеттік құпияларға жатпайтынын және таратылуы шектелген қызметтік ақпарат болып табылмайтындығын білдіреді.

Жеке тұлғаның мемлекеттік сатып алуға қатысуы ешбір жағдайда азаматтың жеке өміріне, оның отбасына және жеке өміріне жатқызылмайды. Осылайша, журналистің мақаласында жеке мәліметтер туралы ақпарат жария етілмейді.

Мақала Президент Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою және қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының осы зұлымдықтарымен күресте қатысу туралы бастамасына сәйкес шығарылды.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз