Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қостанайдың жеткіліксіз статистикасы

27 желтоқсан 2020

Облыстық ақпараттық штаб 22 желтоқсаннан бастап Қостанай облысындағы  БАҚ журналистеріне КВИ-ден сауыққандардың саны туралы ақпарат бермеді. Штабтың мәліметтері бұрын да толық болмаған. Оларда ковидті пневмониямен ауыру және КВИ өлімі туралы мәліметтер болған жоқ. Осы пневманияға байланысты «Наша Газета»басылымы облыстық әкімдікке, денсаулық сақтау басқармасына және денсаулық сақтау министрлігіне шағым жіберген. Бірақ күнделікті мәліметтерге қол жеткізе алмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі апта сайын соңғы мәліметтерді  хабарлауға уәде еткен, бірақ бұл уәде орындалмады. КВИ өлімі туралы мәліметтерге қарағанда, аймаққа бөлінген пневмония бойынша статистика coronavirus2020.kz сайтында жарияланбайды.

Сауыққандардың саны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы сұрақтарды «Облыстық БАҚ» WhatsApp чатында «Казахстанская правда» тілшісі Евгения Ермакова және «Наша Газета» бас редакторы Тимур Гафуров бірнеше рет қойды. Бірақ олардың сұрақтарына жауап болған жоқ. 24 желтоқсанда сол чатта Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшыларынан осы сұраққа жауап беруін сұрады. Тағы да жауап болған жоқ

25 желтоқсанда облыстық штабтың аурудан сауыққандардың мәліметі ешбір дерексіз қайтадан келді. Чаттағы пікірлерден кейін «облыстық БАҚ» чатына Жүсіпов: «Сәлеметсіздер ме, біз бұл мәселені анықтаймыз»,-деді

Айта кетейік, қарашаның ортасынан бастап республикалық штаб пен облыстық штабтың мәліметтерінің айтарлықтай айырмасы бар. Облыстық статистика республикалықпен салыстырғанда Қостанай облысында ауырғандар 1 науқасқа және сауыққандар 97-ге артық.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз