Журналистер студентке жақтасты. Ол болса…
11 қарашада Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында «Жарық Сарыарқа» ЖШС-нің «ekaraganda» ақпараттық агенттігінің иесі – «Creadom» ЖШС-нің талап-арызы бойынша істі қарау барысында күтпеген өзгеріс болды. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында «ekaraganda» сайтында жарияланған «Аквапарк қарағандылыққа жалақы төлеуден бас тартты» деп аталатын мақала сот дауының тақырыбы болды. Ол кезде істі Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қараған. Талапкер яғни «Дельфин» аквапаркінің иесі «Жарық Сарыарқа» ЖШС мақаланы теріске шығаруды талап етті, бірақ өз дәлелдерін ұсына алмады.
Басылымның кейіпкері студент Мария Фенингер және басқа да куәгерлер аквапаркта жұмыс істейді. Аквапарк олармен еңбек шартын да, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды да жасамаған және жұмысқа ақы төлемеген. Осыдан кейін талап қоюшылар арыздарынан бас тартты. Бұл мәселеге «Әділ сөз» былай пікір білдірген еді: «Өкінішке орай, 2015 жылғы Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзгерістерден кейін мұндай арыздар қанағаттандырылады, айыпталушылардың пікірлері ескерілмейді және сотта таңдау жоқ. Адал емес талап қоюшыларға жақсы: ешқандай дәлелсіз талап қою, сот отырысы кезінде жауапкердің позициясын және оның дәлелдерін білу және түсіну, талаптан бас тарту, содан кейін алынған мәліметтерді ескере отырып жақсы дайындықпен қайта арыздану». (http://www.adilsoz.kz/news/show/id/3198 қараңыз).
«Жарық Сарыарқа» тағы да екі жауапкер «Creadom» ЖШС-ге және редакцияға хабарласып «Дельфин» аквапаркінің меншік иесінен жалақы төлетуді сұраған студент Мария Фенингерге дәл осындай талап қойды.
Қыркүйек айында Экономикалық сот отырысында Мария «Дельфинде» оған қалай қысым жасалғанын ашық айтқан. Оған куәгер ретінде жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілген.
11 қарашада аудандық сотта Марияның мәлімдемесі оқылды ... аквапаркте жұмыс істемеген, ал журналистер оның айтқандарын тексермеген. Сондықтан мақаланы теріске шығарсын! Ол тағы сотқа қатысқысы келмейтінін айтқан. Алайда судья З.Ж. Момбаева соттың Марияға қатысты сұрақтары бар екенін, одан міндетті түрде жауап алынатынын мәлімдеді.
М.Финингер өзінің позициясын неге күрт өзгерткенін болжамай-ақ қояйық, оның қаржылық талаптары орындалған болуы мүмкін. Қалай болғанда да, мәселенің бұлай өзгеруіне журналистер қуана қойған жоқ. Бірақ олар мақаланы жариялауға саналы түрде дайындалды және олардың сенімді ақпарат жариялағаны туралы жеткілікті дәлелдері бар.
Келесі сот отырысы 2020 жылдың 16 қарашасында сағат 12.15-ке тағайындалды. Сот талқылауында «ekaraganda» ақпараттық агенттігінің иесі «Creadom» ЖШС-нің мүдделерін «Әділ сөз» қорының адвокаты Т.Н.Симахина қорғайды. Процесс онлайн конференция режимінде өтеді.