Ермұрат Бапиге қатысты сот отырысы болмады
Бұған дейін ҚазТАГ-қа сілтеме жасай отырып, 14 қараша күні ресми рұқсат етілген митинг қарсаңында Алматыда оппозициялық DAT газетінің баспагері, журналист Ермұрат Бапидің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған рұқсат етілмеген митингке қатысты деген айып тағылды. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, шақыру қағазын беріп, сот 16 қараша күні таңғы 10-да болатынын айтқан.
Е.Бапи ҚазТАГ-тағы әріптестеріне бір күн бұрын ол белсенді Дулат Ағаділдің өлтірілген ұлының жерлеу рәсіміне қатысқанын және еске алу шарасы онлайн режимінде өткенін түсіндірген.
Журналист белгіленген уақытта әкімшілік сотқа келгенде, сот оған іспен танысуды ұсынады. Алайда, бес минуттан кейін Бапиге өзін Медеу аудандық ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторы деп таныстырғанДархан Ақмолданов: «Ағай, қайтыңыз. Біз сізді сотқа тартпаймыз. Іс тоқтатылды» деген. Себебін түсіндірмеген. Қызметкер мәлімдегендей, оған журналисті шығарып салу жүктелген. Ал тапсырманың егжей-тегжейі мен себебін хабарлау туралы айтылмаған.
Ермұрат: «Шамасы, жоғарыдан бір нәрсе түсіп, олар соттан бас тартуға шешім қабылдады»,-деп болжады. Медеу аудандық ПБ ЖПҚ инспекторы айтқандай, Бапи шешімін кейін алады.