Журналист Ермұрат Бапи ұсталды
14 қараша 2020
14 қарашада оппозициялық DAT газетінің баспагері, журналист Ермұрат Бапи Алматыда митингке бара жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Ермұрат Бапи митингке бара жатқан. Ол жолда ұсталып, Медеу ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол маған қоңырау соғып үлгерді. Қазір оның телефоны өшірулі», - деді журналист Инга Иманбай«ҚазТАГ»агенттігіне.
Бапидің ұсталу себебін анықтау үшін «ҚазТАГ» редакциясыІІМ-нің Алматы полиция бөліміне жүгінді.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздаАлматыдағы жаппай митинг кезінде Бапи және ондаған басқа белсенділер осылай ұсталған болатын.